Алматының Рысқұлов-Құлжа тасжолындағы жолайырық қашан ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Рысқұлов пен Құлжа автожолының қиылысындағы жолайырық 1 шілдеде пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары толығымен желтоқсан айында аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Facebook-те қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов жазды.

«Алматыда қозғалыс ең көп жолдардың бірі - Шығыс айналма жолы. Бұл жол әуежай мен қаланың орталығын қосып тұр. Бір тәулікте Құлжа автожолы арқылы 40 мың көлік (Полиция департаментінің мәліметінше) қалаға кіреді. Жүргізушілердің тарапынан кептеліске қатысты шағым көп түседі. Құлжа тасжолы мен Рысқұлов даңғылы арасындағы жолайырық 1 шілдеде ашылады, ал құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толығымен аяқталады», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, көлік торабы пайдалануға берілген жағдайда қозғалыс мүмкіндігі Рысқұлов даңғылында - 10% (тәулігіне өтетін көлік саны 5,5 мыңнан көп), Құлжа тасжолында 15% (тәулігіне өтетін көлік саны 6,6 мыңға) артады. Сонымен қатар Түрксіб, Жетісу, Медеу аудандарының 250 мың тұрғыны үшін жол қозғалысы жеңілдей түспек.

Бүгінде қаланың 8 ірі көлік нысанында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Одан бөлек, биыл Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысында эстакада мен туннелі бар жолайырықтың құрылысы басталады. Қазір көліктер үлкен айналма жолымен айналып өтіп жатыр. Жолайырықтың құрылысы 2020 ақпанда аяқталады. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған», - деп жазды әкім.

Соңғы жаңалықтар