+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Алматының провизорлық емханадасындағы 222 адамнан коронавирус табылған жоқ

2020 жылғы 25 наурыз 22:16
Бөлісіңіз:
Алматының провизорлық емханадасындағы 222 адамнан коронавирус табылған жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы провизорлық стационарда жатқан адамдардың денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр

«Бүгінде Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасында (провизорлық емхана) 222 адам жатыр. Бұл жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар. Әзірге олардың барлығының талдауы коронавирус жоқтығын көрсетіп отыр. Бұл орталыққа адамдарды ұшақтардан түсіріп алып кіргізген. Мұнда басым көпшілігі Қазақстан азаматтары, АҚШ, Бельгия, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары да бар. Көпшілігі ер адамдар, арасында әйелдер, балалар, жүкті әйелдер де бар», - деді аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Олардың денсаулығын 314 қызметкер бақылап жатыр.

Алматыда қалуға ниет білдірген қызметкерлерге Қыздар педагоикиалық университеті 200 орындық жатақханасын ұсынды.

«Ауруханада жатқан адамдар дені сау адамдар. Бірақ талдау нәтижесін қобалжумен күтеді. Олардың барлығын тыныштандырып, сөзбен жұбатуға тура келеді. Қазір медицина саласы бұрын соңды болмаған сын сағатты басынан кешіріп жатыр. Бізге тәулік бойы жұмыс жасауға тура келіп жатыр. Таңнан кешке дейін обаға қарсы костюм киюге тура келеді. Өте ыңғайсыз екені рас», - деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Мағаз Мұқашев.

Ал бұл ауруханада мұның алдында түскен науқастардың барлығы қаладағы басқа ауруханалардың стационарларына таратылып жатқызылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT