Алматының патруль полицейлері әдептілік негіздерін үйреніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Патруль полициясы қызметкерлерінің этикасы мен сауатын көтеру үшін Алматыдағы ҚР ІІМ академиясы мен ҚР ІІМ оқу орталығы курс ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызметкерлерге жылы қарым-қатынас жасау және этиканы сақтау, идеологиялық сауаттылықты арттыру тақырыбында лекция оқылды. Оқыту тренингіне Жол-патруль полиция полкінен және мамандандырылған әкімшілік полиция батальонынан 700-ден астам қызметкер қатысты. Патруль полицейлері күн сайын қала тұрғындарымен араласып-құраласаып, қарым-қатынас жасайды, азаматтар арасындағы полиция беделі сол арқылы қалыптасады. Сондықтан халықпен дөрекі сөйлесіп, әдепсіз қылық көрсетуге жол берілмейді. Қызметтік этиканы сақтау, әр адамға әдеппен және ілтипатпен жауап беру – бұл жұмыстағы ең басты талап», - дейді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Оразбеков.

Лекторлар өз кезегінде полицияның халықпен қарым-қатынасында вербалдық емес қатынас құралдары (ым-ишара, психологиялық қашықтық) маңызды рөл ойнайтынын айтады. Ол ишаралар көп мәлімет бере алады. Оқытушылар, сонымен қатар, алдыңдағы адам өзін жайсыз сезінбес үшін белгілі бір қашықтықты сақтап, шектен шықпау керектігін еске салады. Себебі бұл фактор әрі қарайғы әңгіменің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар