Алматының ойын-сауық орталығындағы жанжалды полиция тексеріп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жанжалға қатысты деректі тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram-каналдардың бірінде қаладағы ойын-сауық орталықтардың бірінде әкімші мен отбасымен демалуға келген ер адамның арасындағы дау-дамай түсірілген видео орналастырылды. Видеоға жазылған комментарийде орталық әкімшісіне қол көтерген ер адам «Келинка Сабина», «Құдалар», «Побег из аула» және өзге де картиналардың операторы және продюсері Азамат Дулатов екені айтылған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл деректі қазір Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеріп жатыр.

«Екі тарап та полицияға арызбен жүгінді. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Материал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы бойынша тіркелді», - делінген полиция мәліметінде.





Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар