Алматының Орталық саябағы қалай өзгереді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат -Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы жөндеу жұмыстарының жағдайын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саябақтың басқарушы компаниясы жаңа субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдарын салып жатыр. Қаланы реконструкциялауға билік қолдау көрсетіп отыр. Ал жеке қаржыдан жалпы мөлшері 1,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ құзіретті компания жаңа және заманауи аттракциондар сатып алуды жоспарлап отыр.

«Орталық мәдениет және демалыс саябағы айналасына жаңадан 182 жарық діңгектері орнатылды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға кафель төселіп, жасыл аймақ кеңейтілген. Саябақ аумағы бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінген. Саябақ орталығындағы бұрынғы автотұрақ қазір скейтодром мен роллердром, стрит-воркаут, теннис корты, баскетбол және балалар алаңына айналды»,-деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір саябақта бұрынғы субұрқақтарды қалпына келтіру және жаңасын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жазғы сахнаның шығыс жағына еуропалық қондырғыларды қолдана отырып құрғақ субұрқақ салынып жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, негізгі жұмыстар биыл қазан айына дейін аяқталады.

null null null 

Соңғы жаңалықтар