Алматының орталық көшелері қалай өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жөндеу жұмыстарынан кейін орталық көшелердің өңі кіріп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың жазы орталық көшелердің шаңын көтерген жөндеу жұмыстарымен алматылықтардың есінде қалатыны анық. 

Былтыр қала билігі Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсейітова көшелері мен «Астана» алаңын жаңартса, биыл Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан көшелері және «Алматы 2» вокзал алаңы мен Республика сарайының алды қайта жөндеуден өтті. 

null

800 шақырымға жуық инженерлік желілер қайта салынып, 300 шақырымдай арық жөнделді. 

Реконструкциядан кейінгі көшелер көз тартады. Жаяу жолдарда асфальт орнына плиткалар төселіп, Алматы орталығы европалық кейіпке енген. Абай даңғылындағы басты арық жөнделіп, үстіне бірыңғай стильдегі көпірлер орнатылған. Жол жиегіне төселген гүлзарлар көше көркін қыздыра түскен. 

null

«Адамдарға жайлы қала» жобасы аясында 2 жыл ішінде тарихи орталықтың 60 пайызы кешенді түрде жаңарды. Абаттандыру кезінде жаңа технологиялар мен заманауи материалдар қолданылды. Энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Қаладағы жарықшамдардың 30 пайызы жарықдиодты шам түрімен алмастырылды. Жаяужолдар мен жасыл аймақтар кеңейтілді»,-деп мәлім етті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде қалада 500 шақырымға созылатын 524 көше жөнделген. Барлық жерасты өткелінің жөндеу жұмыстары бітуге жақын. Үлкен үш көлік айналмасының құрылысы басталып жатыр. Көпірлер салынып, трамвай жолдары жойылған. 
null

Бұдан өзге, қалада жаңа бейнебақылау камералары орнатылған. 

«Қалаға 118 мыңнан астам камера қойылды. Барлық жер асты өткелі бейне бақылауда. Келер жылы адамдар көп жиналатын жерлерге, мектептер мен балабақшаларға 1000 талдау камерасы орнатылады. Бейнеаналитка камерасын басқаратын бірыңғай орталық құрылады»,-деді баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, бүгін Елбасы Алматының жаңа көшелерін аралады.

null  null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар