Алматының орталығындағы нысандарға су беру тоқтатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының орталығында тұратындарға су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілденің 13-і күні сағат 22.00-ден таңғы 5-ке дейін Алмалы ауданының аумағында орналасқан, атап айтқанда Абай даңғылы - Гоголь көшесі, Абылай хан даңғылы - Байтұрсынов көшесіндегі тұрғын үйлерге және басқа да нысандарға суық су беру тоқтатылады»,- деді «Алматы су» компаниясы.

Айта кетсек, бұл шара сумен жабдықтау жүйесін орталық магистральдарға қосу үшін жасалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар