Алматының орталығында 4 қабатты үйлер 20 пайыздан аспауы керек - әкімдік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталық бөлігінің құрылысына арнайы талаптар қойылатын болды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы «Алматы - шетсіз қала» тұжырымдамасын іске асыру туралы баяндады.

Оның айтуынша, қалада бірыңғай дизайн кодтан бөлек орталық бөлігін салудың стандарттары бар.

«Дизайн код та стандарт болып табылады. Бірақ, одан бөлек халықаралық тәжірибеде бекітілген биік ғимараттарды салу регламенті де бар. Бізде әл-Фараби даңғылында үйдің биіктігі 12 метрден аспасын деген талап бар. Орталықта осы талаптар сақталады. Өйткені тұрғындар ішінде келіспеушіліктің барлығы осы биік ғимараттардан туып отыр. Қазір 6-12 этаж аралығындағы ғимарат салу бойынша арнайы талаптар жасалып жатыр. Мәселен, орталықта 4 қабатты үйлердің саны 20 пайыздан аспауы керек. Бұл қала құрылысына қатысты халықаралық практикадан келіп отыр», - деді Алмасхан Ахмеджанов.


Соңғы жаңалықтар