Алматының өрт сөндіру инспекторлары видеотіркегіш тағып жүреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндіру инспекторларының кеудешесіне видеотіркегіштер тағылатын болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қалалық Әдеп кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр видеорегистратор өрт сөндіру бақылау инспекторының тексеріс кезіндегі кәсіпкерлермен арадағы әңгімесін, сұхбатын жазып алатын болады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бұл шара қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Бейнематериалдар күн сайын жүктеліп, жарты жылға жуық уақытқа дейін сақталады.

Соңғы жаңалықтар