Алматының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 409 млрд. теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Almaty Invest-2015» инвестициялық форумы басталды.

Алғашқы күнде жиынға бизнес қауымдастығы, халқаралық инвестициялық, сарапшылар қауымдастығының, шетелдік және отандық қаржылық институттарының өкілдері, сарапшылар қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аталған инвестфорумның маңыздылығын атап өтті.

«Биыл қаланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 409 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,3 пайызға артқан. Қазіргі таңда инвестиция тартумен айналысатын кеңес құрылуда. Осы кеңесті ұйымдастыруда ұсыныстарыңыз болса қабылдаймыз», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ, инвестициялық климатты жақсартуға мемлекеттік органдардың басшыларынан комиссия құрылып жатыр.

«Инвестициялық жоспарды жақсартудың, ШОБ-ты дамытудың кешенді жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігі мен тағам өнеркәсібі дамып, инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Әкімдік мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін қадағалап, әкімшілік кедергілерді жоюды жалғастыруда», - деді ол.

Қала әкімі Б.Байбек жайлы инвестклимат қалыптастыру Алматы-2020 бағдарламасының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар