Алматының Наурызбай ауданында уақытша ыстық су болмайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек - Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,- деп атап өтті «Алматы су» МКК.

Кәсіпорын мәліметінше, уақытша шектеулер «Премьер» қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар