Алматының Наурызбай ауданында уақытша суық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін Наурызбай ауданына қарасты «Тау Самал» ықшамауданындағы Ақбат, Ниязбеков, Сағдиев, Рысқұлов, Т.Шонаұлы, Сәке батыр, Алмалы көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды.

«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді», - деп атап өтті «Алматы су» МКК.

Соңғы жаңалықтар