Алматының метросы, станциялар мен пойыздарда Wi-Fi қашан іске қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әкімдіктің қолдауымен «Алмалы» метро станциясында пилоттық режімде тегін Wi-Fi қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

«Бұл интернетке қосылған екінші станция. Бұған дейін «Жібек жолында» интернет болды. Биыл қарашада барлық станциялар мен пойыздар Wi-Fi-мен толықтай қамтамасыз етіледі. «Транстелеком» IT-қызметінің дерегі бойынша, қазіргі уақытта күніне 400 адам қосылып отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.

Айта кеткен жөн, «Сарыарқа» және «Достық» станциялары қолданысқа беріліп, метроның бірінші желісінің қашықтығы 3,1 шақырымға, ал жалпы қашықтығы 13,4 шақырымға ұзарды. Бұл метрополитендегі жолаушылар санын тәулігіне 86 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Автор: Данияр Дауталиев

Соңғы жаңалықтар