Алматының медицина ұйымдарында 420 мыңнан астам науқас емделді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматының медицина ұйымдарында жыл басынан бері 420 мыңнан астам науқас емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, Алматы бойынша тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі пакеті аясында 121 медициналық ұйым, МӘМС пакеті бойынша 142 медициналық мекеме қызмет көрсетіп жатыр.

2020 жылдың 11 айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында 423 030 науқас емделген. Оның ішінде тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі аясында - 227 381 адам, МӘМС бойынша 182 617 науқас емделген.

Тәуліктік стационарлар деңгейінде 307 381 науқас емделіп шықты. Яғни 72,6%-ы жазылып шыққан.

Оның ішінде тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі аясында 159 024, МӘМС бойынша 135 585 науқас жатып емделді.

Ересектер үшін кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, кардиохирургиялық медициналық қызметтерге сұраныс артқан.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары жанындағы күндізгі стационарларда 67 776 пациент немесе 2020 жылғы 11 айда емделгендердің жалпы санының 16% - ы емделді. Оның ішінде тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде - 36 660 адам, МӘМС шеңберінде 31 082 пациент емделді.

Алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарының жанындағы күндізгі стационар деңгейінде 15 475 пациент, оның ішінде тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде - 15 343, МӘМС шеңберінде 132 пациент емделді. Үйдегі стационарлар негізінен балалар мен қарт адамдар үшін, сондай-ақ коронавирустық инфекциясы бар науқастар мен олармен байланыста болған адамдарға үй карантині үшін ұйымдастырылады.

Алматыда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализ терапиясына мұқтаж науқастарға қызмет көрсетілетінін атап өткен жөн. 15 гемодиализ орталығында 2 216 пациент емделді. Гемодиализ қызметі тек тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қала клиникаларының базасында жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша көмек көрсетіледі. 2020 жылдың 11 айында 35 медициналық ұйымда 2 825 пациент емделді, оның ішінде тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде – 152, МӘМС шеңберінде 2 656 пациент емделген.


Соңғы жаңалықтар