Алматының Медеу шатқалына автобус жиі қатынайтын болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпара- Алматының Медеу шатқалына қатынайтын автобус жиі жүретін болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, тау-шаңғы маусымының ашылуына байланысты 26 қарашадан бастап №12 туристік маршрут жұмысы күшейтілді.

«Енді бұл маршрут бойынша 10 минуттық интервалмен демалыс күндері 20, жұмыс күндері 16 автобус қызмет көрсетеді. Маршрут Алматы-2 темір жол вокзалынан басталып, Абылай хан даңғылымен жоғары көтеріліп, Абай даңғылымен жүріп, Медеу мұз айдынына дейін барады. Медеуден соңғы автобус түнгі сағат 00:30-да шығады», - деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, бүгінен бастап Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы ресми түрде ашылды.

Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар