Алматының Медеу ауданында ыстық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хабарлауынша, 7 маусым күні Медеу ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су болмайды.

«7 маусым таңғы сағат 8:00-ден бастап 8 маусым таңғы сағат 8:00-ге дейін Райымбек – И.Есенберлин – Ғ. Орманов - Қабанбай Батыр - Пушкин – М.Мақатаев – Ш.Уәлиханов көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға ыстық су уақытша берілмейді»,-деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Компанияның мәліметінше, шектеулер жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілген.


Соңғы жаңалықтар