+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Алматының Медеу ауданында үш жүздей көшеге жарық шамдары орнатылады

2020 жылғы 13 ақпан 16:47
Бөлісіңіз:
Алматының Медеу ауданында үш жүздей көшеге жарық шамдары орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис көшелерін жарықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қалада төртінші мешіт салу тиімсіз - Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында 143 жеке үйдің құрылысы аяқталды Қызылорда әуежайының құрылысы биыл басталады

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін қала бойынша барлық көшелерге жарық шамдарын орнатуды тапсырған болатын.

«Қала әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында біз былтыр көшелерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде жарығы жоқ біраз көше анықталды. Өткен жылы біз 19 көшеге 1084 жарық нүктесін орнаттық», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сонымен қатар, ол екінші кезеңде Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша биыл 279 көше мен 27 аулаға 6200 жарық шамын орнату жоспарда екенін айтты.

Оның айтуынша, жарықтандырудан бөлек, оларды жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT