Алматының Медеу ауданында 126 автобус жаңартылмақ

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көлік сапасын жақсарту жалғасып жатыр. Биыл Медеу ауданына жаңа 126 автобус сатып алынады. Бұл туралы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының мәлім етуінше, былтыр тасымалдаушылар 225 жаңа автобус сатып алды. Осылайша, 20 маршруттағы автобустар жаңартылып, 1 жаңа маршрут ашылды.

«Биыл 8 маршрутта 126 автобусты жаңартуға ниеттіміз. Жаңа автобустардың сатып алынуына қарай жұмыс жыл соңына дейін жоспарлы түрде жүргізіледі», - деді ол.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қарқын алғанын атап өтті.

«2022 жылы 27 шақырым жолға орташа және 32,5 мың шаршы метр жолға жөндеу жүргізілді, 18 км-ден астам тротуар салынды. Биыл 37 көшеге жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, 50 мың шаршы метр жолды жөндеу және 16 көшеде 18,5 км тротуар салу жоспарланған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар