Алматының Құлжа - Бұқтырма көшесі қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталуға жақын

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы жыл соңында аяқталады. Бұл туралы Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол Б. Хмельницкий көшесін «Қайрат» шағын ауданынан Құлжа күре жолына дейін ұзартуды жобалау үшін тендерлік рәсімдер жүргізіліп жатқанын айтты.

«Ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін бүгінде ұзындығы 10,3 км болатын 18 көшедегі жолды орташа жөндеу аяқталды. Қазан айының соңына дейін ағымдағы жөндеу жұмыстары ауданның 80 көшесінде аяқталады», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар