Алматының көшелерін су басты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бірқатар көшелерін су басқан. Әлеуметтік желіде су астында қалған көшеге қатысты видеолар, фотолар таралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңға жуық басталған жаңбыр әлі де толассыз жауып тұр. Ағын су арықтан асып, тротуарларға жайылған. Әсіресе көпірдің асты мен сайларда су тізеге жетіп қалды.

Тұрғындар Жәңгір хан көшесі, Момышұлы-Жұбанов көшелерінің қиылысы, Достық-Абай даңғылы, Абай-Алтынсарин даңғылы және басқа да учаскелер мен аудандардың су астында қалғанын видеоға түсіріп алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар мен коммуналдық қызметкерлер толассыз жауған жаңбырдың салдарын жоюды жалғастырып жатқанын мәлім етті.

Синоптиктер бүгін Қазақстаның басым бөлігінде жауын, қар жауып, жел болтынын ескерткен.

Бұған дейін қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев мегаполистегі арықтар мен нөсер кәріздері жаңартылатынын айтқан еді.

Қазір 16 коллектордың 4-еуі ғана жұмыс істеп тұр. Сол себепті, жауын-шашын кезінде Абай даңғылынан төмен 56 көшені, әсіресе, Райымбек даңғылының бойын су басады.


Соңғы жаңалықтар