Алматының қонақүйлерінің бірінде төрт бала химиялық заттан уланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 шілде күні химиялық уланумен төрт бала Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар БШМЖО-ның токсикология бөлімінде ем алуда. Жағдайлары орташа дәрежеде»,-деп хабарлады ҚДСБ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін елордада 64 адам тамақтан уланғанын және Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 72 адам тамақтан уланғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар