Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен, жылумен, сумен және газбен жабдықтау үшін 21, 22, 23 наурызда Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды»,- деп атап өтті әкімдіктен.
Сонымен қатар каланың коммуналдық шаруашылықтарының жедел әрі жөндеу қызметкерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
«Судың, будың немесе ашық құдықтар анықталған кезде «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне жүгіну қажет: +7 (727) 378-06-65 және +7 (727) 378-06-98. Басқа да төтенше жағдай кезінде қалалық жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз»,- делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар