Алматының коммуналдық қызметі қысқа дайын ба

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы қарды тазалау бойынша өндірістік базалар мен мамандандырылған техникалардың алдағы қысқа дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма ұсынған дерекке сүйенер болсақ, жолдарды тазалау үшін 1038 бірлік арнайы техниканы (оның ішінде «Алматы Тазалық» МКК 690 бірлік) пайдалану жоспарда. Техниканы қысқы жұмыс режиміне қайта жабдықтау ауа райы жағдайларына байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Қалың қар жауған жағдайда 150 бірлік қосымша техниканы (самосвалдар, тиегіштер) жалға алуға 18 құрылыс ұйымымен шарт жасалды.

30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм алынды. Көктайғаққа қарсы материалдарды нормативтік санына (барлығы 33 мың тонна тұз, 80 мың тонна құм) жеткізу 15 қазанға дейін жүргізілетін болады.

Қалың қар жауған жағдайға, қосымша 10 мың тонна тұз және 15 мың тонна құм жеткізуге шарт жасалды.

Барлық аудандарда қар үйінділеріне арналған жерлер анықталды.

Қазіргі кезде 1400 жол жұмысшысы бар. Қысқы кезеңге қосымша 1200-ге жуық жол жұмысшысын тарту жоспарда және олардың жалпы саны 2600 адам.


Соңғы жаңалықтар