Алматының қоғамдық көліктері де жол ережесін қадағалайтын болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының қоғамдық көліктерінде жол ережесін бақылау камераларын орнату биылдан басталуы мүмкін. 

Бұл туралы Алматы қалалық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мақсұт Исаховтың айтуынша, жоба биыл жүзеге аса бастауы ықтимал.

«Биыл жобаны жүзеге асыра бастаймыз деген үмітіміз бар. «Жолақ» жүйесін Астанадағы Ғарыштық зерттеулер институты әзірледі. Жүйе бойынша автобустың алдыңғы және артқы бөлігіне камералар орнатылып, жол ережесінің бұзылуы тіркелетін болады. Атап айтқанда, автобустарға арналған «А» жолағына өтіп кету, рұқсат етілмеген жерлерде жолаушыларды көліктен түсіру, жолақта көлігін тоқтату сынды жол ережесінің бұзылуы тіркеліп «ГЛОНАСС» арқылы автоматты түрде ІІД-не жолданатын болады. Содан кейін, полицейлер суреті тіркелген айыппұл қағазын жүргізушілерге жолдайды», - деді Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, жоба бойынша қазіргі уақытта Ішкі істер департаменті қалалық бюджетке өтініш берген.

«Егер өтініш қанағаттандырылса, онда алғашқы жарты жылдықта арнайы жолақпен жүретін автобустар мен троллейбустарға бақылау камералары орнатылады», - деді М.Исахов.

Алматыда бөлінген жолақтардың арқасында қоғамдық көліктердің орташа жылдамдығы 1,5 есеге, ал жолаушылар ағыны 30 %-ға артқан.

Соңғы жаңалықтар