Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды
2022 жылғы 22 маусым 21:44

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылып, мемлекеттік қызметтен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын, бірақ, жұмысынан әлі босатылмағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек болғанын,

және әлеуметтік желілерде Лаура Мырзағалидың қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео тарағаны, кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігер Лаура Мырзағалиға қатысты тексеру басталғанын мәлім еткенін хабарлаған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT