Алматының кинотеатрлары сәуір айында «Ashyq» пилоттық жобасына қосылуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кинотеатрлар «Ashyq» жобасына сәуір айында қосылуы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жобасының келесі кезеңінде жобаға кинотеатрларды қосу жоспарланып жатыр. Бас санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін сәуір айының ортасында қосылуы мүмкін. Себебі кинотеатрлар карантин талаптарын сақтайтын, қадағалайтын нысандардың қатарында», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Алматыда жобаның келесі кезеңінде 15 бағыт бойынша жаңа нысандар қосылады деп жоспарланып отыр.

«Қоғамдық тамақтану орындары, балаларды дамыту орталықтары және бизнестің барлық спектрі жобаға қосылады деп ойлаймыз», – деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, «Ashyq» қосымшасын 125 мың адам жүктеп алған.


Соңғы жаңалықтар