Алматының кейбір аудандарында газ беру уақытша тоқтатылады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматының жекеменшік секторында орналасқан 500-ден аса  үй 2 күн газсыз қалады. Бұл туралы «Алматы» АҚ «Интергаз Орталық Азия» магистральді газ құбыры басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының төменгі аудандарында 2 мен 3 қазан аралығында  газ беру уақытша тоқтатылады.

 «Назарбаев даңғылының бойын Жансүгіров көшесіне дейін  ұңғылап, темір жол арқылы газ құбырын өткіземіз. Осыған байланысты Тобаяқов-Сейфуллин-Жансүгірова-Дарвин көшелеріндегі  жеке сектордағы 517 үйдің газы уақытша өшіріледі», - делінген компания таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар