Алматының келесі жылғы бюджеті – 1,2 триллион теңге

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының 2023 жылға арналған нақтыланған бюджеті 1 трлн 258,2 млрд теңге болып бекітілді. Оның басым бөлігі тұрғындарды әлеуметтік қолдауға бағытталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттары қала бюджетін бекітті. Келесі жылы бюджет мына салаларға жұмсалады:

- Мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, вакциналар сатып алуға, халықты әлеуметтік қолдауға 776,6 млрд теңге;

- Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 230 млрд теңге; - Бюджеттік алуларға 207,2 млрд теңге;

- МЖӘ шеңберіндегі міндеттемелерге және мемлекеттік қарызды өтеуге 21,4 млрд теңге; Алматы қаласы әкімінің резервін толықтыруға 22,5 млрд теңге. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Алматы қаласы бюджетінің жартысы тұрғындарды әлеуметтік қолдауға жұмсалады. 2520 орындық 10 мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр, тағы 5000 орындық мемлекеттік тапсырыс жеке балабақшаларға беріледі.

Жалпы 337 мың оқушыны қамтитын 211 мектепті, 16 интернаттық мекемені, 50 колледжді ұстауға 242,5 млрд теңге жоспарланған. 18 мектептен тыс ұйымға қосымша білім беруге тағы 2,2 млрд теңге бөлінеді. 2505 тәрбиешіні, 3 мың мектеп мұғалімін, 150 қызметкерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға басқарушы персоналдан 2,8 млрд теңге бағытталады.


Соңғы жаңалықтар