Алматының қай өзен-көлдеріне шомылуға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленді. Олар - Сайран көлінің Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа 200 метр жылжығаннан кейінгі шығыс бөлігі, Сайран көлінің батыс жағы, «Баум бағы» маңындағы Д. Қонаев атындағы үлкен Алматы каналының бойы, Гүлдер демалыс аймағы. Осы 4 су қоймасынан басқа Есентай, Кіші Алматы өзендері сияқты тау өзендерінде суға түсуге тыйым салынады», -деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Мамандар суда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Рұқсат етілмеген жерге шомылуға, жүзе білмейтін адамға суға түсуге, жағалаудан алысқа кетуге, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға, түнде әрі мас күйінде суға түсуге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар