Алматының қай аудандарында газ өшіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қала тұрғындарына «көгілдір» отын беруді шектеу мерзімін нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында орналасқан екі сектордың тұрғындарына табиғи газ беруді шектеу мерзімі 1,5 тәуліктен аспайды. 22 қазан күні сағат 00.00-де Наурызбай ауданының аумағында орналасқан Сәдуақасов-Пионерская-Айбергенов көшелері-Райымбек батыр даңғылында  («Алтын Бесік», «Достық», «Қалқаман-1», «Қалқаман-2», «Шұғыла» шағынаудандары) 4 мыңға жуық жекеменшік тұрғын үй мен 4 көпқабатты үй газдан ажыратылады.

23 қазаннан бастап Алатау ауданындағы Момышұлы-Cаин-БАК-Солтүстік шеңбер-Рысқұлов көшелерінде (Айгерім-1», «Ақбұлақ», «Заря Востока», «Көк Қайнар», «Құрылысшы-1» және «Құрылысшы-2», «Түркістан», «Шаңырақ-1» және «Шаңырақ-2») шамамен 8 мың үй 1,5 тәулікке газдан ажыратылады.

Наурызбай ауданының тұрғындарын газбен жабдықтау жұмыстары 23 қазанда, ал Алатау ауданында - 24 қазанда жүргізіледі. «ҚазТрансГаз-Аймақтың» атап өтуінше, газбен жабдықтау бойынша шектеу енгізу мерзімдері метеорологиялық болжамдарға сәйкес түзетілген. Жауапты кәсіпорын аталған қалалық сектор тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар