Алматының қала құрылысы кеңесі 5 қабаттан асатын ғимарат салуға рұқсат бермейді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қыркүйек айынан бастап барлық жобалар қаланың қала құрылысы кеңесінен өтеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Exclusive Star» тұрғын үй кешенінің тұрғындары мегаполис әкімінен құрылыс жұмыстары басталған кешеннің жанынан не салынатынын сұрады.

Ерболат Досаев қыркүйектен бастап барлық құрылыс нысандары Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінен өткенін, бұл жоба бойынша техникалық тапсырма алынғанын айтты.

Оған шектеу бар - 5 қабаттан аспайды.

«Қала құрылысы кеңесі бұл жобаны қарап, өз ұсынысын айтады. Қала құрылысы кеңесі тәуелсіз, жергілікті билікке тәуелді емес. Оның құрамына 23 сарапшы, әкімдіктің мамандары кіреді. Олардың кеңесте, дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылар осы жобаларды реттеп, шешім қабылдайды. Қала біз бекіткен ережеге сәйкес дамып, қозғалуы керек», - деді әкім.

Айта кетейік, Ерболат Досаев тамыз айында Алматының Қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойған болатын.


Соңғы жаңалықтар