USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

2021 жылғы 29 қараша 13:55
Бөлісіңіз:
Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы Іскерлік кеңесінің «Ақылды қаланы» дамыту және инновациялық даму комитетінің төрағасы Елдар Әбдіразақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Краншының өлімі: Алматыда барлық құрылыс алаңындағы крандар тексеріледі Алматыда коронавирус жұқтырған 77 адам жансақтау бөлімінде жатыр Алматыда жоқ пәтерді жалға беруші алаяқ ұсталды

Алматы қаласы әкімінің жанындағы Іскерлік кеңес бизнестің азаматтық бастамаларды қолдау және оларды дамыту үшін жағдай жасау бастамасын көтерді.

Конкурс медицина және денсаулық сақтау, қазақ тілін дамыту және байыту, білім беру, мәдениет, инклюзия, азаматтық белсенділік, экология және мекендеу ортасы салаларындағы үздік әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған.

Үздік жобаларды Іскерлік кеңес өкілдері мен қала меценаттары қаржыландырады.

«Жобаларды іріктеу кезінде біз атаулылық, анықтық және ашықтық өлшемдерін сақтайтын боламыз. Сондай-ақ Impact, яғни қамту және уақыт бойынша ықпал ету ауқымы, Originality – тәсілдеменің бірегейлігі мен жетілуі, champion – қоғам үшін рөлдік модель, Change – қала тұрғындарының өмірін жақсартуға ықпал ету және Potential – кеңейтуге әлеуеттің болуы сияқты қағидаттар бар», - дейді Елдар Әбдіразақов.

Қазіргі кезде Іскерлік кеңестің қарауында 80-нен астам жоба бар. Бастамалар бойынша сұраулар мен ақпаратты электронды поштаға жіберуге болады: social@k50.kz

Жеңімпаздарды марапаттау және чектерді тапсыру 2021 жылдың 12 желтоқсанында өтеді.

Сондай-ақ Елдар Әбдіразақов Алматыда «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы 2 желтоқсан күні онлайн форматта өтетінін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT