Алматының ірі көшелерінің бірінде қозғалыс тоқтайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвай жолын жоюға байланысты және мерекелік концерт кезінде көшелерде қозғалыс тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 маусым күні сағат 13:00-де Төле би көшесінің бойында Абылай ханнан Назарбаев даңғылына дейін батыс бағытта қозғалысы  шектеледі. 22 маусым күні таңғы сағат 07:00-ден 23 маусым сағат 19.00-ге дейін екі бағытта да қозғалыс тоқтайды. Бұдан бөлек, 23 маусым күні сағат 13:00-де Қазақстан полицейлер күніне орай  «Астана» алаңы маңында қозғалыс тоқтатылады», -деп мәлімдеді Алматы ІІД баспасөзінен.

Сондай-ақ, 21 маусым мен 1 шілде аралығында Қонаев пен Пушкин көшелерінде трамвай жолдарын ликвидациялау мақсатында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. 

Соңғы жаңалықтар