Алматының дизайн-коды бекітіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда келісілген қала құрылысы саясатын жүргізу үшін шаһардың дизайн-коды бекітіледі.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бүгін Сенат «ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат аясында Алматыға қатысты тиісті шешімдер ескерілген.

«Алматы қаласына қатысты түзетулері бойынша қала құрылысы кеңесін енгізу және қаланың дизайн-кодын қабылдау ұсынылады. Бұл мегаполис проблемаларын шешу әрі қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша келісілген қала құрылысы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бірыңғай сәулеттік келбет беруді қамтамасыз етеді», - деді Қ. Өскенбаев.

Сонымен қатар ол мүлікті заңдастыру проблемаларын шешу үшін жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия құру ұсынылып отырғанын айтты.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін меншік иелерінің келісімі болған жағдайда, азаматтар көп жиналатын жерлерде бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту ұсынылды. Бұл мегаполис аумағын бейнемониторингпен барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар