Алматының денсаулық сақтау жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі қала активінің жиналысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуына жүргізілген тексеру нәтижелерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қала емханаларындағы медициналық жабдықтарда 20%-дан 80%-ға дейін айырмашылық бар. Медициналық ұйымдарда 30 мыңнан астам құрал-жабдық бар. Оның 11 мыңға жуығы - ескі.
«Медициналық техниканы сатып алуға 86 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. 2020 жылы 1,4 мың медициналық жабдық сатып алынады. Келесі жылы жедел жәрдем қызметі үшін 80 автомобиль алынады»,-деді Бақытжан Сағынтаев.
Жедел кардиологиялық көмек көрсету үшін қаланың үш ауруханасында кардиологиялық бөлімдер ашу жоспарланған. 2019 жылдың қазан айында Алатау ауданында жедел жәрдем қызметінің жаңа қосалқы бөлімшесі пайдалануға берілді. Барлық аудандарда 35 отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады.
«Әлеуметтік қызметтердің санын көбейтіп, сапасын жақсартамыз. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында, орталық пен шалғай аудандар арасындағы алшақтық азаяды», - деді Б.Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар