Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жарияланады
2022 жылғы 30 маусым 10:37

Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жарияланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жариялайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрксіб ауданының тұрғыны денсаулық сақтау саласының жұмысына шағымданды.

«Менің Түрксіб ауданындағы емхана қызметкерлерінің жұмысына көңілім толмайды. Медицина мамандарының салғырттығынан былтыр жұбайымнан айырылып қалдым. Қадағалау органдарына арыз да түсірдім, менің ойымша емдеу мекемесінің басшысына шара қолдану керек», - деді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев алдағы уақытта қаланың денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалатынын жеткізді.

«Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жариялайды. Жақында жаңа басшы тағайындалады»,- деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, 20 маусым күні Нариман Табынбаев орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері лауазымына ауысуына байланысты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT