Алматының даму жоспары қыркүйек айына дейін бекітіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Қоғамдық кеңесінің бастамасы бойынша қала әкімінің қатысуымен қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Даму жобасын қала билігі 40 сарапшымен бірлесіп әзірледі, оған урбанистер, сәулетшілер, құрылысшылар және басқалар кірді, 1 шілдеге дейін құжат жалпы талқылауда болды. Қала тұрғындары оған қосымша 1280 ұсыныстар мен түсініктемелер жіберді.

«Қала тұрғындарымен талқылаудан кейін біз анықтаған ұсыныстар мен толықтырулар қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспарын және оның 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын әзірлеу кезінде ескерілетін болады. Біздің басты мақсатымыз – мегаполистің барлық тұрғындарының өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, жайлы, инклюзивті және қауіпсіз қалалық ортаны құру. Мақсаттар мен міндеттер қалалықтардың сұраныстарына негізделе отырып, нақты және түсінікті KPI түрінде қалыптасты», – деп атап өтті Ерболат Досаев.

Алматы қаласын дамыту жоспары келесі 2 ай ішінде – 2022 жылдың 5 қыркүйегіне дейін бекітілетін болады.

Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасы танысу үшін Алматы Даму орталығының сайтында қолжетімді.


Соңғы жаңалықтар