+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы әзірленуде

2019 жылғы 13 қараша 10:02
Бөлісіңіз:
Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы әзірленуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  – Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһардың сарапшылық қауымдастығы және қоғамдық кеңестің кеңейтілген құрамдағы мүшелерімен кездесіп, «Алматы-2050» стратегиясының жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиын қаланың дамуына қатысты құжаттық жобаларды жұртшылық және сарапшылармен талқылауды құп көретін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес өтті.

«Бұл - қала дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжат. Ұзақмерзімді мақсаттарды анықтауда сіздердің пікіріңіз біз үшін өте маңызды. Бәріміз біріксек, қала үшін қажет ұзақмерзімді әрі оңтайлы шешімдер табарымыз сөзсіз», – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.


Жиында қаланың қоғамдық кеңесінің сарапшылары мен өкілдері жаһандық және өңірлік бәсекелестік, инфрақұрылым мен көлік, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау мен экология, адами капиталды дамыту сияқты стратегиялық даму бағыттары бойынша пікір алмасты.

Саясаттанушы, ЖБҰК мүшесі Айдос Сарым, Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыру комитетінің төрағасы Елдар Әбдіразақов, қаржыгер және кәсіби энергетик Әсет Наурызбаев, қоғам белсендісі Ерлан Нұрпейісов, мониторинг жөніндегі маман Маржан Айтжанова, халықты қоныстандыру саласындағы сарапшы Аида Әлжанова, көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы сарапшы Елена Ерзакович, экология жөніндегі консультант Жарас Тәкенов, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмутова өз ұсыныстарын айтты. Бұдан өзге аталған құжаттың жобасына Мамандық таңдау орталығының басшысы Жантөре Кәрімовтің, қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Кисиков, саясаттанушы әрі тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев, ТЖ кезінде өзін-өзі ұйымдастыру саласындағы сарапшы Тимур Почановтың ұсыныстары енгізілді.

Жиынды қорытындылаған Ержан Бабақұмаров бұл кездесудегі диалогтың конструктивтілігіне ерекше тоқталды.


Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес стратегия жобасы жақын арада қала тұрғындарының талқылауына шығарылады. Сарапшылар мен алматылықтардан келіп түскен ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында талқыланады. Сонымен қатар, құжаттың жобасы барлық диалог алаңдарында, соның ішінде мәслихатта, қоғамдық және іскерлік кеңестерде талқылауға ұсынылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT