Алматының Call-орталығына бір тәулікте 4 мың адам хабарласқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантиннің енгізілуіне байланысты қалалық Полиция департаментінде Call-орталық құрылды. Жедел желіге бір тәулік ішінде 4 мыңнан аса қоңырау түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір тәулікте 4 мыңнан астам адам көп арналы нөмірге қоңырау шалды. Олардың көпшілігін Алматы қаласынан карантиндік аймақтың периметрі бойынша өткізу пункттерінен кіріп-шығу мәселесі алаңдатты. Кейбір қоңырау шалушыларға кеңес пен қолдау қажет болды. Әрине, полицияның қызметіне қатысы жоқ мәселелер де болды. Мүмкіндігінше полиция қызметкерлері оларға да сауатты жауап беруге тырысты. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша, алғашқы 2-3 күнде сенім телефонына көптеген қоңыраулар түседі. Азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жедел жауап беру өте маңызды», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен бірге, полиция Call-орталыққа психологтар мен полицияның саптық емес бөлімшелерінің қызметкерлерін жұмылдырған.

Еске салайық, 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі енгізілді.


Соңғы жаңалықтар