+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматының ботаникалық бағы әкімдік қарамағына беріле ме – комитет жауабы

2019 жылғы 20 қараша 14:08
Бөлісіңіз:
Алматының ботаникалық бағы әкімдік қарамағына беріле ме – комитет жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы ҚР БҒМ қарамағынан алынып, өзге министрлікке беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.

«Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы (Ботаника және фитоинтродукция институты) Қазақстан Республикасының айрықша қорғауындағы табиғи аумақ болып саналады. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ведомствалық бағынышты ұйымы болып саналады. Ботаникалық бақты Алматы әкімдігінің қарамағына өткізу мәселесі қойылған емес. Сәйкесінше, бұл жер айрықша қорғауындағы табиғи аумақ тізімінен алынбайды», - деп түсіндірді Сәкен Ділдахмет Facebook желісінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет Ботаникалық бақты ҚР Білім және ғылым министрлігі балансынан шығарып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ауыстыру мәселесін қарастыруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT