Алматының бірнеше көшелеріне бір бағыттық қозғалыс енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кіші көлік айналма шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне бір бағыттық көлік қозғалыстары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік қозғалысы Мақатаев көшесінің  бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін батыс бағытта, Гоголь көшесінің бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта жүргізілетін болады. 

Бөгенбай батыр көшесінің бойында көлік қозғалысы Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін шығыс бағытта жүреді.

Қарасай батыр көшесінің бойында батыс бағытта, Масанчи  көшесінен  Розыбакиев көшесіне дейін, Жамбыл көшесінің бойында Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін көлік қозғалысы шығыс бағытта жүргізіледі.

Мұратбаев көшесінің  бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін  оңтүстік бағытта, Шәріпов көшесінің  бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін қозғалыс солтүстік бағытта жүретін болады. 
null

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл өзгерістер көліктен келетін қауіпті  50% азайтуға,  апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді.

«Гоголь, Мақатаев және Қабанбай батыр көшелері бойында қоғамдық  көліктері үшін арнайы жолақ жасалады, бұл қаладағы  көлік қозғалысының кедергісіз өтуіне көмектеседі. Қалада жол  қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  жылдамдықты төмендету ісі қолға алынды. Осыған сәйкес  жоғарыда  аталған учаскелерде жүру жылдамдығы 40 км/сағат болып бекітілді. Көлік қозғалысының жаңа сызбасы 5 тамызында енгізіледі»,-деп хабарлады әкімдік.

Еске салсақ, өткен жылы бір бағыттағы  көлік қозғалысы Шевченко  және Құрманғазы  көшелеріне енгізілген еді.

null

Соңғы жаңалықтар