Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысының жылдамдығы шектеледі

2018 жылғы 7 желтоқсан 14:44 915
Бөлісіңіз:
Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысының жылдамдығы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы көше атауларының жиі өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2,7 млн теңгеге алынған самокаттар «Алматы су» бақылаушыларының жұмысын жеңілдетеді Көліктерді тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемқызметтері қалпына келтірілді

«Алматы еліміз бойынша жол апаты, соның салдарынан өлім-жітім  бойынша бірінші орында тұрғаны құпия емес. Жол бойындағы адам өлімі жүргізушілердің жылдамдық режімін бұзу салдарынан жиі орын алып жататындығын білесіздер. Сондықтан түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігі туындап отыр. Сондықтан өткен жылы орталық көшелерде бір бағыттағы қозғалыс енгізіліп, жылдамдық сағатына 40 шақырымға шектелді», - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің дерегінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде мәселен, Құрманғазы көшесі бойындағы жол-көлік апаты 41 пайызға, ал Шевченко көшесінде 4 есеге қысқарған.

«Сондықтан сарапшылар мен қоғамның негізгі бар талаптарын ескере отырып Әл-Фараби, Саин және шығыс айналма жолында сағатына 60 шақырымға дейін шектеу енгізіледі. Бұған дейін сағатына 80 шақырым болған. Бақылау жасау үшін 142 «ақылды» бекеттегі көрінбейтін аймаққа камералар орнатылады. Жылдамдықты небәрі сағатына 20 шақырымға төмендету арқылы ондаған өмірді құтқарып қалуға болады», - деді Бауыржан Байбек.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT