Алматының бірқатар көшелерінде қозғалыс шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінің кей тұстарында жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Наурызбай көшесінің Қабанбай батыр мен Абай көшесіне дейінгі бөлігі 18 маусымда түнгі 23:00 мен 06:00 аралығында жабық болады», - деді «Алматы жолдары» ақпараттық ресурсынан.

Сонымен қатар, Алатау ауданында да жол қозғалысы шектелетін болды.

«19-20 маусым аралығында Тәкежанов көшесінің Ұйғыр көшесі мен Үллкен Алматы каналы жолына дейінгі бөлігінде асфальттің беткі қабаты алынады» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар