Алматының бірқатар дәмханарында дайын тамақтан жәндіктер табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда азық-түліктердің сапасы бойынша 49 арыз түсіп, бірнеше дәмханадағы тамақтардан жәндіктер табылған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова дәмханалардағы дайын тағамнан жәндік шыққанын айтты.

«Тамақтардың көгеріп кеткені, жәндіктер табылғаны туралы, нанның сапасы мен сүт өнімдеріне қатысты барлығы 49 арыз түсті. «Дональдс» фаст фудында, «Сары Арқа» базарында, «Адал» дүкені мен «АДК» гипермаркетіне, «Рузи нан» наубайханасында көгерген азық-түліктер шықты. «Ром кафе», «Меззалуна», «Дунганка», «Табуко», «Лаффа» дәмханаларында дайын тағамнан жәндіктер шыққан. Сонымен қатар, Виктория», «Достық», «Түрген» дүкендеріндегі өнімдердің сақталу мерзімі өтіп кеткен.

Анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. 907 600 теңге көлемінде 19 айыппұл салынды, оның ішінде 6-ы тамақ, сауда орындары бойынша. Олар: «Виктория», «Магнум», «Достық», «Түрген», «Севилия», «Афон-про» дүкендері. 13 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынына 16 ұйғарым беріліп, іс-әрекетін тоқтату бойынша 2 материал сотқа жолданды. Олар: «Жадыра -жайна», «Жайсан», «Таглаура», «Ата донер», «Тандор», «Ифтар», фаст фуд «Дональдс», «Рома кафе», «Эдем», «На даче», «Тастемир», «Меззалуна» дәмханасы мен асханасы», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар