Алматының бірегей келбеті сақталады: Қалада құрылыс жүргізудің жаңа ережесі қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бастығы Алмасхан Ахмеджанов онлайн брифинг барысында VII шақырылған қала мәслихатының кезектен тыс VI сессиясында қабылданған жаңа құрылыс ережелерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа талаптар мегаполистегі құрылысты шектейді, ғимараттардың биіктігін және салынатын құрылыстың тығыздығын анықтайды және инфрақұрылымды дамыту бойынша талаптар қояды.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» әзірленді. Биылғы жылдың 17 ақпанында құжат жобасы Алматының бас жоспарына енетін түзетулер жобасы бойынша жұмыс тобына қатысушылардың талқылауына ұсынылды. 25 наурызда жоба НҚА порталында жарияланып, көпшілікке ұсынылды», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Талқылау барысында қала құрылысы бүкіл қатысушының пікірі ескерілді. Сонымен бірге, мегаполис құрылысына қойылатын базалық талаптар сақталды.

Құжаттың мақсаты - қаланың сәулеттік-кеңістіктік дамуын құқықтық реттеу.

Құжат тұрғын аудандар мен шағын аудандардағы халықтың тығыздығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің ұзындығы арақашықтығының аз мөлшерін анықтайды.

3-5 қабатты үйлерде арақашықтық кем дегенде 20 метр, 10-16 қабатты үйлерде кем дегенде 48 метр, ал 17 және одан жоғары қабаттарда 80 метрге дейін өседі.

«Мемлекет басшысының мегаполисті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай ережеде Алматының бірегей архитектуралық келбетін және әр қалалық үшін жасыл желек санын сақтау ерекше орын алады. Бұлар жаңа ережеде жазылған», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар