Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салынады.

Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде құрылыс медициналық қызметтердің сапасын арттыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрамыс шағынауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол екінші емхана бойынша Шұғыла шағынауданында жобалау ұйымымен шарт жасалғанын атап өтті.

«Осы жылдың IV-ші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр, құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады. Бұған қоса, Ақжар шағынауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады»,- деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар