Алматының бір ауданы жарықсыз қалды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы ауданының тұрғындары кешкі 18.00-деп бастап жарықсыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау Жарық» компаниясының мәліметінше, бүгін кешкі 18.00-де Алмалы ауданында электр энергиясы өшіп қалды.

Қазіргі уақытта электр жарығы қаланың Шагабутдинов, Жамбыл, Әйтеке би, Құрманғазы, Қазыбек би, Масанчи, Шевченко, Мұратбаев, Амангелді, Әди Шәріпов, Желтоқсан, Мұқанов көшелерінде жоқ.

«Электр энергиясының өшу себебі анықталуда. Электр энергиясынсыз қалған аумақты төмендегі картадан көруге болады», - деп хабарлады «Алатау Жарық» компаниясы.

Сондай-ақ, компания өкілдері 2 сағат ішінде электр энергиясы қосылуы тиіс екенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар