+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Алматының бір ауданы жарықсыз қалды

2021 жылғы 8 сәуір 11:12
Бөлісіңіз:
Алматының бір ауданы жарықсыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Медеу ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматылықтар Медеу ауданында орналасқан бірқатар үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы мен басқа да кеңсе ғимараттарынада жарықтың сөніп қалғанын жазуда.

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қосалқы станцияның бірінде апат болғанын хабарлады.

«Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Абоненттердің бір бөлігіне жарық берілді. Сағат 12-ге дейін жағдай толық қалпына келеді», - деді басқармадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT