Алматының білім басқармасы мектепте жарылған жылу жүйесіне пікір білдірді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматыдағы №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында сабақ кезінде жылу жүйесі жарылып, оқушылардың күйіп қала жаздағаны туралы видео тарады. Осыған байланысты білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов аудандық білім бөлімі әлеуметтік желіде жарияланған бұл оқиғаның 2020-2021 оқу жылында, нақты айтқанда наурызда №175 гимназияның қазақ тілі кабинетінде болғанын айтты.

«Екінші ауысымның үшінші сабағынан кейінгі үлкен үзілісте жылыту жүйесі жарылды. 6-сынып оқушылары аяқтарына су тимес үшін орындық, партаның үстіне шығып алды, балалар зардап шеккен жоқ. Жүйедегі апатты мектептің техникалық қызметкерлері бірден жөндеді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Кесікбаева дер кезінде әрекет етпей, оқушылар әбігерге түсті»,- деп хабарлады ведомстводан.

Функционалдық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін қазақ тілі мұғаліміне тәртіптік жаза қолданылған.


Соңғы жаңалықтар