Алматының басым бөлігінде 9 қабаттан жоғары ғимараттар салынбайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі қаланың функционалдық аймақтарын дамыту үшін құрылыс регламенттерін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысында Абай даңғылының оңтүстігіндегі, әл-Фараби даңғылының солтүстігі, Әшімов көшесінің шығысы және Шығыс айналма жолының шығыс жағындағы тұрғын үйлердің биіктігін шектеуді ұсынды. Ол үшін 9 қабатқа дейін ауыспалы қабаттар санына регламент белгілеуге болады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, қолданыстағы ережелер жүзінде бұл аумақтарда 12 және одан да көпқабатты тұрғын үйлер салуға рұқсат бар.

«Тығыздықты азайту мақсатында аталған көшелердің аумағындағы жаңа тұрғын үйлер құрылысы 3-санатты жайлылықтан төмен болмауы керек», - деді әкім орынбасары.

Оның айтуынша, жобада әкімшілік нысандармен қатар тұрғын үй салу қарастырылған кезде, қосымша норма аралас деп аталатын кешенді құрылыста 9 қабаттан жоғары ғимараттар салуға рұқсат береді. Бұл жағдайда тұрғын үй көлемі жобаның жалпы алаңының 30%-ынан аспауы керек.

«Қала құрылысы ережелерін іске асыру жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдауыңызды сұраймын, оны қабылдау арқылы қаланың жоғарғы бөлігіндегі құрылыс тығыздығын азайтамыз, тау бөктерінде тұратын тұрғындарды қорғаймыз», - деді Мұхит Әзірбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда халық санының өсуі мен оқушы орнының тапшылығына байланысты 5 жаңа мектеп салынбақ.

Сондай-ақ, қалада тау беткейінде құрылыс жүргізуге тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар